Астанада алдағы екі жылда 5 мың мұғалімге қажеттілік туындайды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы білім саласының дамуы, нәтижелері мен перспективалары туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info
Елордада қазіргі таңда 365 544 баланы камтып отырған 757 білім беру ұйымы бар. Оның ішінде 525 балабақша, 172 мектеп, 32 колледж, 11 қосымша білім беру ұйымы және 15 арнайы білім беру ұйымдары. Өткен жылы білім беру ұйымдары 102 бірлікке артқан.
Қалада өткен жылы 11 мектеп іске қосылып, жаңа мектептер қаладағы үш мектептің үш ауысымдық мәселесін шешкен. Оқу жылының аяғына дейін тағы да төрт мектепті іске қосу жоспарланған.
Сонымен қатар, елордада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мемлекеттік қызмет көрсету шеңбері кеңейетін болады. Бүгінгі күні, 470 мыңға жуық балаға 8 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда елорда мектептері электронды оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Астана қаласында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% цифрлы бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2023 жылы 10214 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылып, ағымдағы жылы тағы 10 000-нан аса орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ. Сонымен қатар, балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында, 60 балабақша салу жоспарлануда. Бүгінгі күні 10 балабақшаның жер телімдері белгіленіп, жобалау жұмыстары басталған. 2024 жылы 4 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.
Білім басқармасы басшысының айтуынша, биыл елордада алты мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 2023 жылы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына өзгерістер енгізілген. Өзгеріске сәйкес білім беру саласындағы көшбасшыларды іріктеу және даярлау жөніндегі норма енгізілді. Бүгінгі таңда Білім министрінің бұйрығымен республикалық кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі бекітіліп, Астана қаласы бойынша осы кадрлық резервке 18 адам кірген.
-->Елордада қазіргі таңда 365 544 баланы камтып отырған 757 білім беру ұйымы бар. Оның ішінде 525 балабақша, 172 мектеп, 32 колледж, 11 қосымша білім беру ұйымы және 15 арнайы білім беру ұйымдары. Өткен жылы білім беру ұйымдары 102 бірлікке артқан.
Қалада өткен жылы 11 мектеп іске қосылып, жаңа мектептер қаладағы үш мектептің үш ауысымдық мәселесін шешкен. Оқу жылының аяғына дейін тағы да төрт мектепті іске қосу жоспарланған.
Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, жыл сайын мектеп оқушыларының санының өсуіне байланысты 2026-2027 оқу жылына қарай Астанада 5 мың мұғалімге қажеттілік туындайтын болады. Мемлекет басшысының елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы тапсырысын орындау мақсатында, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында педагогикалық колледжді педагогикалық университетке трансформациялау жұмысы басталған. Осы мақсатта «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» базасында, Абай атындағы ҚазҰПУ филиалы ашылатын болады.
Сонымен қатар, елордада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мемлекеттік қызмет көрсету шеңбері кеңейетін болады. Бүгінгі күні, 470 мыңға жуық балаға 8 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда елорда мектептері электронды оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Астана қаласында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% цифрлы бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2023 жылы 10214 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылып, ағымдағы жылы тағы 10 000-нан аса орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылмақ. Сонымен қатар, балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында, 60 балабақша салу жоспарлануда. Бүгінгі күні 10 балабақшаның жер телімдері белгіленіп, жобалау жұмыстары басталған. 2024 жылы 4 шағын орталықта инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.
Сұранысқа ие кадрларды даярлау мақсатында мамандарға қажеттіліктің өңірлік картасы – жаңа кәсіптер атласы әзірленген. 2025 жылға қарай жастардың 100 пайызы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, басқа аймақтардан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында 1000 орындық «Студенттер үйі» салынады.
Білім басқармасы басшысының айтуынша, биыл елордада алты мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 2023 жылы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына өзгерістер енгізілген. Өзгеріске сәйкес білім беру саласындағы көшбасшыларды іріктеу және даярлау жөніндегі норма енгізілді. Бүгінгі таңда Білім министрінің бұйрығымен республикалық кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі бекітіліп, Астана қаласы бойынша осы кадрлық резервке 18 адам кірген.
Қалада қазіргі білім сапасы 59,7 пайыз. Алдағы уақытта білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыру, білім сапасын арттыру, инфраструктураны дамыту жұмыстары жоспарланған, - дейді Қ. Сенғазыиев.