Елорда жаңалықтары

Астанада қала маңына қатынайтын автобустар саны артады

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«14 қазаннан бастап №304 және №322 қала маңы бағдарларының жұмыс күндері жүретін автобустар саны артады. Бағдарларға тағы 1 автобустан қосылып, №304 бағдарда 6 автобус, №322 бағдарда 7 автобус жүреді», - делінген хабарламада.

Осыған сәйкес, бағдарлардың жұмыс күндегі жүру кестесі өзгереді.

Кестені CTS Instagram парақшасындағы актуалды сторизтен көруге болады.