Астанада қалаға кіретін көліктер тексеріліп жатыр (ВИДЕО)
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елордадағы «Байқоңыр» ауданында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 30 күндік алдын алу кешенді шаралары өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
Шаралар кешенінде бірлескен рейдтер, профилактикалық әңгімелер жүргізуді, сондай-ақ тыйым салынған заттардың таралуын анықтау жөніндегі жұмыс көзделген.
Аудандық прокуратура Полиция басқармасымен және әкімдікпен бірлесіп, халықтың денсаулығын сақтау және есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу бойынша рейдтік шаралар өткізді.
Көлік саласы басты назарға алынып, қала аумағына басқа қалалардан келетін автомобильдер тексерілді, қала қонақтары мен автокөлік иелеріне заңсыз тасымалдау қаупі түсіндірілді.