Астанада Қалқаман көшесі жартылай жабылды
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалқаман көшесінен «Қараөткел» көпіріне дейінгі жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Осыған байланысты 26-29 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылды. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.