Елорда жаңалықтары

Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлап кеткен

Астанада абитуриент университеттен 150 мың теңге тұратын музыкалық аспапты ұрлап кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болған соң осындай қадамға барғаны белгілі болды. Құжаттарды тапсырған күні кабинеттердің бірінен музыкалық аспапты байқап, ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтады. Ол осы университетке құжат тапсырған 18 жастағы талапкер болып шықты.

«Жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.