Елорда жаңалықтары

Астанада Ақбидай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен К.Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі аралығына жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты аталған учаске 22-29 тамыз аралығында ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.