Елорда жаңалықтары

Астанада Ақбидай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Қошке Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты аталған учаске 6 және 7 қыркүйекте қозғалыс ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды, - делінген хабарламада.