Елорда жаңалықтары

Астанада 8 мыңнан астам адам арнайы әлеуметтік қызметтер алды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және дамыту - Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басым міндеті. Қалада 36 000-нан астам мүгедек адам тұрады, оның 26 000-нан астамы – ересектер, 10 000-нан астамы – балалар», - деп жазылған хабарламада.

2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етуге 37 мыңнан астам түрлі құрал ұсынылды: протездік-ортопедиялық көмек,сурдологиялық көмек, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емдеу және т. б.

Өткен жылы  7 761 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алды. Бұл қызметтер 11 ведомстволық бағынысты мекемелерде көрсетіледі. Олардың ішінде негізгі мекемелер:
1. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;
2. «Нұрлы жүрек» орталығы;
3. «Қамқор» орталығы;
4. «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы;
5. «Үміт» дағдарыс орталығы;
6. «Жансая» орталығы;
7. «Қатаркөл» оңалту орталығы;
8. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары.

2024 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың саны артты.

Олар:
* «Балам-ай» ҚҚ — жартылай стационарда 414 адам.
* «Erekshe analar» ҚҚ — жартылай стационарда 413 адам.
* «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы»ҚБ — үйде 398 адам.
* «Орда»ҚБ (аутизмі бар балалар) — үйде 719 адам (18 жасқа дейін), 18 жастан асқан 11 адам.
* «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ — 593 адам үйде, 413 адам жартылай стационарда.
* «Солнечный мир» ҚҚ — 136 адам.
* «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» ҚБ — жартылай стационарда 357 адам.
* «Қорғау - Дағдарыс орталығы» — 410 адам.