Астанада «7 бочек» тұрғын үй кешені өртенді: қаза тапқандар жоқ
Елордада «7 бочек» тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
4 маусым күні сағат 00:26-да «7 бочек» тұрғын үй кешенінің (Сығанақ көшесі, 23) сыртқы қаптамасының жануы туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу Астана қаласының әкімдігі, ТЖД және ПД бірлесіп жедел штаб құрды. ТЖД мен ПД қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Астана қаласының әкімдігі қажет болған жағдайда тұрғындарды қала қонақүйлеріне уақытша орналастыруды ұйымдастырады. Сонымен қатар, жан-жақты көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, зақымданған қасбет пен басқа да шығындарды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталады. Ұқсас оқиғалар орын алған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар өрт салдарын жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған дейін апатты жатақханада (Бұланты көшесі, 14) болған өрт кезінде тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстандырылған болатын», - деп жазды Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.