Елорда жаңалықтары

Астанада 63 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Астанада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Алғашқы лекте Астана қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 721 адам өтінім беріп, бизнес-идеяларын ұсынған.

Қатысушылардың жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек болатын.

Сонымен қатар үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуы шарт еді.

Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қала тұрғындары жұмыс барысына қоғамдық бақылау жасады. Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне назар аударды.

Комиссия шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалар:

- тамақ өнеркәсібі – 16;

- тігін ісі – 12;

- білім беру қызметтерін көрсету – 7;

- тұрмыстық сервистік қызметтер көрсету – 5;

- қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсету – 4;

- өнер, спорт, ойын-сауық, демалыс, күтім және сұлулық саласындағы қызметтер – 4;

- медициналық және әлеуметтік қызметтер – 3;

- өндіріс және өнеркәсіп – 3;

- сервистік қызмет көрсету – 2;

- көтерме және бөлшек сауда – 2;

- автомотокөлік құралдарына сервистік қызмет көрсету – 1;

- әкімшілік, басқарушылық және ақпараттық қызмет, делдалдық қызметтер – 3;

- қызметтің басқа түрлерін ұсыну – 1.

Қазіргі таңда грант иегерлерімен келісімшарт жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, бұл қолдау тұтынушылық мақсатқа, несиені өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға берілмейді.

-->

Осы жылдың 3-7 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 63 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түсті, - делінген хабарламада.