Елорда жаңалықтары

Астанада 600-ден астам қамқоршы алғыс хаттармен марапатталды

Елордада  800-ден астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасында тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін 600-ден астам қамқоршы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының атынан  алғыс хаттармен марапатталды.

Қамқоршыларды мерекемен Астана қаласындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсима Бимендина құттықтады.

«Қамқоршыларды керемет мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, бақыт, өзара түсіністік, отбасылық амандық тілейміз!», - деді Әсима Бимендина.

 

Қамқоршы күнін мерекелеуге арналған «Жүректен жүрекке» челленджі мерекелік концертпен аяқталды.

Елімізде жыл сайын 29 қазанда Қамқоршылар күні аталып өтіледі. Бұл –  балаларды тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алған батыл, жанашыр, мейірімді адамдардың мерекесі!