Елорда жаңалықтары

Астанада 60-қа жуық сыртқы жарнама тақтайшасы алынып тасталды

Астанада заңсыз ілінген және дизайн кодына сай келмейтін жарнама мен банерлер алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін бұл жұмысты «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп атқарды.

«Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілдерінің айтуынша, алдымен мүлік иелеріне ескертеді. Егер кәсіпкер маңдайшаны болмаса жарнаманы шеше алмаса аудандық әкімдік жұмысшылары жіберіледі.

Барлық белгілер қасбеттің бір сызығында болуы қажет және қажет болған жағдайда қасбеттің стиліне бейімделуі шарт.

Бөлім басшысының айтуынша, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және алып тастау бойынша іс-шаралар ары қарай жалғасады.

Айта кетейік, былтыр елорданы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

-->

«Астанада арнайы бекітілген елорданың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Бүгін елордада 60-қа жуық сыртқы жарнама тақтайшасы алынып тасталды. Оның ішінде 35-і Алматы ауданында орналасқан. Қаныш Сәтбаев көшесі, 20,  23/1, 23/2, 25 үй, Қажымұқан көшесі, 7, Түркістан көшесі, 28/2 үй, Сарайшық көшесі 7, 34-үй, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 2, Тұран даңғылы, 46а, 52, 55/5 үйіндегі қаланың дизайн кодына сай емес сыртқы жарнамалар алынып тасталды», - деді «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Қайрат Әбуов.