Астанада 6 бағдарға қосымша автобустар шығады
Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz
«16 және 18 қарашада 6 бағдарға жұмыс күндері және демалыс күндері қосымша кестелер қосылады. Бұл автобустар санын арттырып, күту уақытын 2 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
16 қарашадан бастап демалыс күндері №28 бағдарға +1 автобус қосылады – желіде 12 автобус жүреді (бұрын 11).
18 қарашадан бастап жұмыс күндері желіге 11 қосымша автобус шығады, бұл келесі өзгерістерге әкеледі:
- №4 бағдар – 16 автобус (бұрын 14);
- №40 бағдар – 22 автобус (бұрын 20);
- №41 бағдар – 14 автобус (бұрын 11);
- №57 бағдар – 12 автобус (бұрын 10);
- №63 бағдар – 12 автобус (бұрын 10).
Айта кетейік, барлығы 6 бағдар бойынша 12 автобус жолға шығады. Қалада көліктік қызмет көрсетуді жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.