Елорда жаңалықтары

Елордада 6 автобустың бағыты өзгерді

«City Transportation Systems» ЖШС Астанада 6 автобустың бағыты өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

« Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 17, 44, 47, 54, 56, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», - деп жазды жауапты ведомстводан.

City Transportation Systems сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұрайды.