Астанада көпбалалы аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII жергілікті бюджеттен Астана қаласының Мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аналарға беріледі.
-->Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII жергілікті бюджеттен Астана қаласының Мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аналарға беріледі.