Елорда жаңалықтары

Астанада 30 жастағы қызы туған анасын пышақтап өлтірді деп күдікке ілінді

Астанада анасы мен қызы арасында жанжал болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео жарияланды. Elordainfo.kz тілшісі қайғылы оқиғаға қатысты Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінен сұрап білді.

«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің мәйітін табу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша екеуінің арасында дау туындап, соңы жанжалға ұласқан. Соның барысында қызы анасына пышақ салды. Күдікті ұсталды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA_BROTHER | АСТАНА | NEWS (@astana_brother)