Елорда жаңалықтары

Астанада екі автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №27, 63 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап, таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.