Астанада 2,5 мың ағаш отырғызылды
Бүгін елордалық оқушылар мен балабақша ұжымдары өздерінің іргелес аумақтарына ағаш отырғызды, деп хабарлады Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Аталмыш іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасы аясында және жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды.
«Жалпы, 2,5 мың дана сібір алма ағашы, виргин шетені және дөңгелек жапырақты ирга көшеттері отырғызылды. Көшеттер «Жасыл аймақ» РМК, бір мектепке 25 данадан және балабақшаларға 15 данадан берілді. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың экологиялық тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек, өйткені дәл осы жаста олар қоршаған әлем туралы хабардарлық пен идеяны, табиғат пен жануарларға ұқыпты қарауды қалыптастырады», - деп жазылған хабарламада.