Елорда жаңалықтары

Астанада №18 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті жолаушылар! 23 қарашадан бастап №18 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді. Бағдар Достық, Сауран және Орынбор көшелерімен жүреді. Өзгерістер тұрғындардың қажеттіліктерін ескере келе енгізілді. Қазіргі қозғалыс аралығын сақтау үшін қосымша 2 автобус қосылады: желіде 17 автобус жүреді. Қозғалыс сызбасымен танысып, автобустардың орналасуын Avtobys, 2GIS, Яндекс.Карталар қосымшаларынан бақылауға болады», - деп жазылған хабарламада.