Елорда жаңалықтары

Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды – Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Amanat» партиясының елордалық филиалының базасында азаматтарды қабылдадым. Тұрғындар негізінен баспана, әлеуметтік нысандар салу, абаттандыру, медициналық көмек, әлеуметтік көмек және т.б. мәселелер бойынша жүгінеді. Мәселен, тұрғын үй мәселесі бойынша бірнеше бағытта жұмыс жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік пәтерлердің құрылысы, апатты жағдайдағы әрі тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін аяқтау, көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жөндеу», - деді әкім.

Сондай-ақ шаһар басшысы азаматтарды қабылдауджа көтерілген мәселелерді назарда ұстайтынын айтты.

«Биыл апатты тұрғын үйлерден 4 мың 200-ден астам тұрғынды көшіруді, сол сияқты құрылысы ұзаққа созылған кезекті 8 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, әлеуметтік нысандар (мектептер, спорт және медициналық нысандар) құрылысының көлемі артты. Сондай-ақ, биыл 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді назарда ұстаймыз», - деп сөзін түйіндеді Жеңіс Қасымбек.