Астанада 1400-ге жуық жарнамалық маңдайша алынып тасталды
Астанада қаланың сыртқы келбетін «Жарнама туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері барлық аудандардағы ғимараттардың қасбеттерінен 1400-ге жуық жарнамалық элементтер алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін жүзеге асыруды «Астана-Жарнама» КММ жүзеге асырады. Мекеме сонымен қатар қала аумағында орналасқан сыртқы жарнамаға мониторинг жүргізеді.
«Астана-Жарнама» КММ қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сәулет стилінің негізгі параметрлеріне сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат, яғни маңдайшалар мен жарнама элементтерін анықтау және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді.
Кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, маңдайшаларға қойылатын талаптарды, сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібін сипаттайтын буклеттер береді.
2024 жылдың басынан бері ғимараттар мен құрылыстардың 200-ден астам қасбеттеріне көзбен шолып тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 830-дан астам маңдайша және талаптарға сәйкес келмейтін сыртқы ақпараттың 550-ге жуық элементтері алынып тасталды.
Мекеме қызметкерлері 1600-ге жуық кәсіпкерлік субъектісін қабылдады, оларға ғимараттардың қасбеттерін сәулеттік-көркемдік безендіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері белгілерінің 742 эскизі қаралды.
-->Елорданың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін жүзеге асыруды «Астана-Жарнама» КММ жүзеге асырады. Мекеме сонымен қатар қала аумағында орналасқан сыртқы жарнамаға мониторинг жүргізеді.