Елорда жаңалықтары

Астанада №12 бағыттағы автобустар саны артады

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«№12 бағдардың жолаушыларына жағымды жаңалық! 9 қыркүйектен бастап №12 бағыт бойынша автобустар саны екеуге артады. Енді бұл бағытпен 16 автобус жүреді. Ал демалыс күндері 12 автобус болады. Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте валидация жасап, жол ақысын төлеуді ұмытпаңыздар! Солай сіз бізге нақты жолаушылар легін есептеп, қосымша автобус қосуға септік тигізе аласыздар», - деп жазылған хабарламада.