Елорда жаңалықтары

Астанада 11 бағыт бойынша қосымша автобустар рейске шығады

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

11 қарашадан бастап 11 бағыт қосымша автобустармен толығады. Осылай күту уақыты үш минутқа қысқартылады.

Бағдарларға 17 автобус қосылады, нәтижесінде келесі жаңартулар болады:

№3 бағдар – 17 автобус (бұрын 15); 

№20 бағдар – 16 автобус (бұрын 15); 

№27 бағдар – 12 автобус (бұрын 10); 

№31 бағдар – 12 автобус (бұрын 10); 

№32 бағдар – 23 автобус (бұрын 22); 

№33 бағдар – 14 автобус (бұрын 13); 

№36 бағдар – 17 автобус (бұрын 16); 

№42 бағдар – 14 автобус (бұрын 10); 

№19 бағдар – 14 автобус (бұрын 13); 

№51 бағдар – 25 автобус (бұрын 24); 

№84 бағдар – 13 автобус (бұрын 12).

Айта кетейік, елордада көлік қызметін жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр.