Елорда жаңалықтары

Астанада 100 мыңнан астам адам қалалық сенбілікке шықты

Астанада Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай және «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілігі ұйымшылдықпен өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайты.


Акцияға 100 мыңнан астам қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, бизнес өкілдері, спорт және мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, ОСИ (МИБ) және өзге де ұйымдар қатысты.

Экологиялық сенбілік барысында шамамен 2 мың тонна қоқыс жиналды, 12 мыңға жуық аула тазартылды, 162 парк пен гүлзар қамтылды, 41 тарихи-мәдени мұра нысаны ретке келтірілді, сондай-ақ 3 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды.

Экоакция аясында қалада санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп, нөсер және арық желілері жуылды, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аймақтар тазартылды. Бұған қоса, аулаларды абаттандыру жұмысы жасалып, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары орнатылды, қоғамдық орындардағы тас төсеніштер, жиектас пен шағын сәулеттік нысандар қалпына келтірілді.

Сондай-ақ маусымдық агротехникалық жұмыстар жалғасуда: жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарының маңын тазалау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және тағы басқа шаралар қолға алынған.

Экоакцияның басты мақсаты – қала көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Еске сала кетейік, елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі экологиялық айлық өтіп жатыр. Қаланың кез келген тұрғыны мен ұйымы көшелер мен аулаларды көркейтуге өз үлесін қоса алады.Астанада 20 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай және «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға 100 мыңнан астам қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, бизнес өкілдері, спорт және мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, ОСИ (МИБ) және өзге де ұйымдар қатысты.

Экологиялық сенбілік барысында шамамен 2 мың тонна қоқыс жиналды, 12 мыңға жуық аула тазартылды, 162 парк пен гүлзар қамтылды, 41 тарихи-мәдени мұра нысаны ретке келтірілді, сондай-ақ 3 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды.

Экоакция аясында қалада санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп, нөсер және арық желілері жуылды, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аймақтар тазартылды. Бұған қоса, аулаларды абаттандыру жұмысы жасалып, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары орнатылды, қоғамдық орындардағы тас төсеніштер, жиектас пен шағын сәулеттік нысандар қалпына келтірілді.

Сондай-ақ маусымдық агротехникалық жұмыстар жалғасуда: жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарының маңын тазалау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және тағы басқа шаралар қолға алынған.

Экоакцияның басты мақсаты – қала көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Еске сала кетейік, елордада 13 қыркүйектен 11 қазанға дейін дәстүрлі экологиялық айлық өтіп жатыр.

аланың кез келген тұрғыны мен ұйымы көшелер мен аулаларды көркейтуге өз үлесін қоса алады.