Елорда жаңалықтары

Астана әуежайын күрделі жөндеу көктемде басталады

Астана қаласының әуежайында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ұшу-қону жолағын қайта құру әуежайды инвесторға сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі негізгі және бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды.
Terminals Holding компаниясы алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес қайта құру жұмыстары наурыз айының соңына дейін басталады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Ұшу-қону жолағын қайта құру ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Өз кезегінде министрлік әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.

-->