Астана тұрғынынан 12 келіден астам гашиш тәркіленді
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер автокөлікті тоқтатып, оны тінту барысында есірткі заты гашиш салынған 123 дана Zip-Lock пакеттері табылып, тәркіленді. Күдіктінің үйін тінту кезінде сатуға арналған бір полиэтилен пакет және гашиш салынған 28 Zip-Lock пакеттегі есірткі заты табылған. Нәтижесінде 12,5 келіге жуық гашиш есірткі заты заңсыз айналымнан шығарылды.
Қылмыстық тергеп-тексеру аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен елордаға есірткі жеткізу және сатумен айналысқан қылмыстық тізбегіндегі басқа да сыбайластарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
-->Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер автокөлікті тоқтатып, оны тінту барысында есірткі заты гашиш салынған 123 дана Zip-Lock пакеттері табылып, тәркіленді. Күдіктінің үйін тінту кезінде сатуға арналған бір полиэтилен пакет және гашиш салынған 28 Zip-Lock пакеттегі есірткі заты табылған. Нәтижесінде 12,5 келіге жуық гашиш есірткі заты заңсыз айналымнан шығарылды.