«Астана патриоты» байқауы: елордаға еңбегі сіңген азаматтар марапатталады
Астана күніне орай «Астана патриоты» республикалық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласына орай елімізге адал еңбек етіп жүрген мамандарды, яғни өз ісінің майталмандарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Байқауға барлық астаналықтар, яғни әр саланың үздік мамандары қатысуға мүмкіндік алды. Үміткерлер байқау шарты бойынша маусымның 26-сына дейін өздері туралы мәліметтерді ұйымдастырушыларға жіберді. Ал 5 шілде күні конференция түрінде өтетін марапаттау рәсімінде өзгелерден оқ бойы озық шыққан қатысушыларға елімізге белгілі тұлғалар арнайы марапаттар мен төсбелгілер табыс етеді.
-->Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласына орай елімізге адал еңбек етіп жүрген мамандарды, яғни өз ісінің майталмандарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
«Негізгі конференциямыздың тақырыбы – «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталады. Мақсатымыз - Президенттің бағдарламалық мақаласын насихаттау. Ал тәуелсіздігіміздің негізгі нышандарының бірі – елорда болғандықтан, «Астана патриоты» республикалық байқауында бас шаһарымыздың қалыптасуына, өркендеуіне үлес қосып жатқан ғылым-білім, өнер мен мәдениет, медицина қызметкерлері, өзге де қоғам қайраткерлерін қала күніне орай марапаттауды жөн көрдік», - дейді «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының директоры Сәлімгерей Балдәурен.