Елорда жаңалықтары

«Астана Опера» театры көрермендерге «Алпамыс» операсын ұсынады

Астаналық театр сахнасында «Алпамыс» операсының премьерасы екі жыл бұрын сахналанды. 

Спектакльдің қоюшы режиссері болып Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров еңбек етті. Музыкалық жетекшісі әрі қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин. Ал кеңесші ретінде композитордың қызы Найля Рахмадиева шақырылды.

Түркі халықтарының көпшілігіне ортақ Алпамыс батыр туралы хикаяны желі еткен жаңа қойылымның айрықша ерекшелігі оның стилистикасы болды. Халық эпосы фэнтези түрінде сахналанып, көрнекі әсерлер арқылы жетілдірілген, осылайша қазіргі заманғы талғампаз көрермен керемет музыкадан ләззат алып қана қоймай, әрқашан зұлымдықты жақсылық жеңер ертегінің сиқырлы әлеміне терең бойлайды.

965A5009.JPG

Спектакль режиссері Юрий Александровтың пайымдауынша, ғажайыптармен және түрленулермен қатар сахнада шекспирлік құштарлық та қыза түседі. Бұл ретте басты кейіпкер Алпамыс романтикалық тұрғыдан танылған. Ол бес қаруын сайлаған батыр ғана емес, сезімге берік, махаббатқа адал жан, бұл режиссердің пікірінше, ұлттық эпос кейіпкерлеріне ерекше тән қасиет.

Опера символизмге толы. Отанын жаудан азат етуде ерлік көрсеткен Алпамысқа Жер-ананың өзі ақ батасын беріп, қару-жарақ ұсынады. Жақсылық пен зұлымдықтың шайқасу желісіне мифологиялық жаратылыстар: Мыстан мен оның жартылай адам, жартылай жануар ұлы Тазша тіреу болады.

965A4911.JPG

Ауқымды батырлық-эпикалық операны елге танымал сахна майталмандарымен қатар жас әншілер де орындайды. Алпамыс партиясын Алтынбек Әбілда, оның сүйіктісі Гүлбаршынның партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова ұсынады. Ана – Салтанат Мұратбекова, Тайшық хан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Қаракөз – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жырау – Хайдар Мұстапин, Мыстан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, Кейқуат – Мерей Қадырханов, Қараман – Бейімбет Таңарықов, Ұлтан – Рамзат Балакишиев, Тазша – Аян Жаймағанбетов.

Айта кетейік, «Астана Опера» репертуарында ұлттық спектакльдер айрықша орын алады. 

-->