Елорда жаңалықтары

Астана мектептерінде сейсмикалық жаттығулар өтеді

Астана мектептерінде сейсмикалық жаттығулар өтеді

Биыл бұл күн «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен өтеді.

Ол сөзін жалғай отырып, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті. Оның аясында тұтастай алғанда ел бойынша азаматтық қорғаныс айлығы жарияланды және азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және азаматтық қорғау қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге қоғам назарын аударуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланды.

Спикер  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында 23 ақпанда қала мектептерінің аумағында сейсмикалық жаттығулар өткізу жоспарланғанын қозғап өтті.

-->

Биыл бұл күн «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен өтеді.

Азаматтық қорғаныс соғыс кезінде халықты қорғаумен ғана емес, сонымен бірге табиғи және техногендік апаттар нәтижесінде қарапайым адамдар зардап шегуі мүмкін азаматтарды құтқарумен және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алумен айналысады. Сондай-ақ, осы оқиғалардың салдарын болдырмау және жоюмен ғана емес, осындай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен де айналысады, - дейді Азамат Құсайынов.

Ол сөзін жалғай отырып, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті. Оның аясында тұтастай алғанда ел бойынша азаматтық қорғаныс айлығы жарияланды және азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және азаматтық қорғау қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге қоғам назарын аударуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланды.

Өскелең ұрпаққа көп көңіл бөлінеді. Оқу орындарында ашық және интерактивті сабақтар, «Баршаның назарына!» жедел-құтқару жасақтарының, өрт сөндіру бөлімдерінің базасында ашық есік күндері өткізіледі. «Үздік білім беру нысаны», «Үздік қызмет және азаматтық қорғауды қалыптастыру» және «Азаматтық қорғаныстың үздік қорғаныс ғимараты» тақырыптарында түрлі конкурстар өткізу бойынша жұмыс басталды.

Елорданың 90 білім беру нысаны оқушыларының арасында 10 спорттық эстафета, 15 ойын және жаттығу, 5 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Азаматтық қорғаныс бойынша үгіт-насихат жұмыстары мектеп парламенттерімен, атап айтқанда қала мектептерінің президенттерімен және ТЖ министрлерімен басталды, - дейді ол.

Спикер  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында 23 ақпанда қала мектептерінің аумағында сейсмикалық жаттығулар өткізу жоспарланғанын қозғап өтті.