Астана – мегаполистердің негізгі даму көрсеткіші
Астана осыдан он жыл бұрын сәулет тұрғысынан дәл бүгінгі даму көрсеткішіне жауап бере алатын деңгейде еді. Соңғы жылдары құрылыстың қарқын алуы мегаполиске толассыз көшіп келушілердің сұранысына орай артқаны анық. Бүгінде елорда халқының саны 1 млн. 350 мыңнан астам адамды құрайды және бұл көрсеткіш күн санап өсуде.
Әрине, бұл әлемдік деңгейдегі мегаполистердің табиғи даму заңдылығы. Егер 2 млн 150 мыңға жуықтаған халқы бар Алматымен салыстырсақ, даму деңгейінің ұқсастығын көруге болады. Мысалы, Алматы халқының өсімі жыл сайын 50 мың тұрғынды құрайтынын ескерсек, мегаполистердің даму қарқынын адам ресурсының күшеюімен байланыстыруға болады.
Шымкент қаласының да дамуындағы негізгі фактор халық санының тығыздығы болса керек. 2017 жылы қалада 932 мың адам болса, қазір 1 млн. 191 мың тұрғынға өскен. Жыл сайын қала халқына 40 мыңнан астам тұрғын қосылып отырғанын көреміз.
Астананың жағдайы да тура осы көрініспен қарайлас. Мәселен, 2017 жылдан бері Астана тұрғындарының қатарына жыл сайын 60 мың адамнан ұдайы қосылып келеді. Бұдан нені көруге болады?
Аймақтық мегаполистердің даму деңгейі соңғы 5 жылдықта анағұрлым халықтық өсіммен етене тығыздығын көрсеткен. Құрғақ сөз болмауы үшін аталған мегаполистердің экономикалық даму жетістіктерін тілге тиек етейік. Мысалы, 2018 жылы Алматы - 20,6%, Шымкент - 3,42%, Астана бойынша 9,8% болса, соңғы 2022 жылдың даму деңгейінде, Алматы - 18,5%, Шымкент - 3,1%, Астана – 10,2% көрсетіп отыр.
Дегенмен, ішкі миграция мен туу көрсеткіштерінің өсуі мегаполистердің өсуіне серпін беріп отырды. Алайда, Алматы қаласының даму деңгейінің төмендегенін байқаймыз. Бәлкім Алматыда шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін бюджетке жыл сайынғы 70 пайыздық түсім мен даму дәрежесіне кешегі пандемиялық науқан мен қасіретті Қаңтар оқиғасының ызғары өз салқынын тигізуі ықтимал. Әсіресе, соңғы қаңтар оқиғасы қалалық бизнесті 1,6 млрд. АҚШ долларға дейін қып-қызыл шығынға батырған. Оның қалпына келтіру де тиісті төрт-бес жылдықты қажет ететін шаруа болып тұр.
Алайда Шымкент қаласының мүмкіндіктеріне 2018 жылы өз алдына отау тігіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуы себепші болса да, бес ауданы бар қала Алматының күйін кешіп, пандемияның зардабы мен қасіретті Қаңтар оқиғасынан аман шыға алмады. 7,2 млрд. шығынымен есеңгіреткен Қаңтар жағдайы кәсіпкерлік пен сауданың күретамыры саналатын оңтүстіктің керуен сарайына айналған Шымкент қаласының даму деңгейін әлі де болса 2018 жылғы межеге жеткізе алмауда.
Бұл салыстырмалы талдауда халық санымен экономикалық тұрақты даму деңгейі жағынан ел ордасы – Астана қаласының көрсеткіштері көңіл көншітеді. Әрине, күнделікті тіршілігі тура Президент назарында тұрған қаланың ішкі әлеуметтік-экономикалық һәм агломерциялық саясатының нәтижелілігін көруге болады. Осы ретте, Нұра ауданының бесінші аудан ретінде құрылып, қала сыртындағы елді-мекендерді біріктіруі қала аумағының қосымша кеңеюіне мүмкіндік ашты. Бұл, сәйкесінше, жаңа өндірістік орындар мен әлеуметтік нысандар. Бұл Алматыдағы Наурызбай ауданының ашылуымен немесе Шымкент қаласына Сайрам ауданы аумағының қосылуымен ұқсас мысал.
Әрине, Астана мегаполисі екі мыңыншы жылдардағы проблемаларға душар болған Алматы қаласының қиындықтарын басынан өткеруде. Қала құрылысында ретсіздік белең алуы, қосымша әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық су, жылу, газ қажеттіліктерін тудырды. Қалалық ішкі жол мәселелері бүгінде өте өзекті. Ал шаһардың газдандырылуы соңғы үш жылда қолға алынып, қазір тиісті геоэкономикалық шешімдердің ыңғайына қарап отыр. Бірақ жылу электр станциялардың үшінші қазандығының биыл күзде қосылу дайындығы астаналықтардың қыс айларында жылусыз қалмауына сенімділік ұялатады. Десе де, «қауіпсіз қала» мәртебесінде Астана республика бойынша алдыңғы орында 2019 жылдан бері тұрақты орныққан. Әлі де сол қауіпсіздікті қалыптастыруда, ішкі әлеуметтік-ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы мен мәдени дамуын ерекше назардан тыс қалдырмауы, қаланың «астаналық» деген мәртебесіне көлеңке түсірмейді. Бұл жерде жергілікті әкімшілік менеджерлерінің қалалық саясаттағы үлесін жоғары бағалап өту орынды болмақ.
Жалпы айтқанда, еліміздің мегаполистері – әлемдік қауымдастықтың, шекара асып өткен шетелдіктердің Қазақстан туралы алғашқы әсерінің қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар. Оның тұрғындарының сандық һәм сапалық дамуы аталған мегаполистердің кешегі және бүгінгі экономикалық даму деңгейімен өлшенеді. Кезінде қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл халық санының кемінде 25 млн-ға жетуімен анықталатынын көтерген еді. Тура осы оймен біз де тақырыбымызды түйіндей отырып, мегаполистердің экономикалық қауіпсіздігі өз тұрғындарының еңбекке жарамдылық деңгейімен және кәсібінің өсуімен байланысты болмақ дегіміз келеді.
Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы
-->Әрине, бұл әлемдік деңгейдегі мегаполистердің табиғи даму заңдылығы. Егер 2 млн 150 мыңға жуықтаған халқы бар Алматымен салыстырсақ, даму деңгейінің ұқсастығын көруге болады. Мысалы, Алматы халқының өсімі жыл сайын 50 мың тұрғынды құрайтынын ескерсек, мегаполистердің даму қарқынын адам ресурсының күшеюімен байланыстыруға болады.