Елорда жаңалықтары

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді 16 желтоқсан – еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – халқымыздың басты құндылығы әрі зор байлығы. Ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында Тәуелсіздік жылдары үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Мемлекет басшысы атап өткендей, негізгі миссиямыз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып саналады.

Еліміз сенімді түрде алға ұмтылып келеді: экономикамыз модернизацияланып, әлеуметтік инфрақұрылым жақсарып келеді, сол сияқты мектептер, ауруханалар, жаңа кәсіпорындар салынып жатыр. Әсіресе, жұмыс орындарын ашу, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар ерекше маңызды.

Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және табыс тілеймін!», - делінген құттықтауда.