Елорда жаңалықтары

Астана әкімдігінің бұрынғы қызметкерінің атынан жалған хабарлама тарады

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

«Құрметті елорда тұрғындары! WhatsApp мессенджерінде әкімдіктің баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы атынан көрсетілген нөмір бойынша қала әкімімен байланысқа шығу туралы жалған хабарлама жіберіліп жатыр. Өтініш, мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер және күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар. Бұл істі интернет-алаяқтар жасағаны анық, сақ болыңыз!» - делінген хабарламада.