Астана көшелерін жаңбыр суынан тазартуға арнайы техникалар жұмылдырылды
Астанада толассыз жауған жаңбырдың салдарын жою жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Elorda Eco System» ұйымы жаңбыр суын соруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысын және т.б. Бұл жұмыс 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын.
Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында. Биыл жер үсті ағындарын сору үшін 2,5 шақырым нөсер кәрізінің магистральдық желілерін салу жоспарланып отыр.
-->«Elorda Eco System» ұйымы жаңбыр суын соруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысын және т.б. Бұл жұмыс 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын.