Астана күніне орай қалалық перфоманс фестивалі өтеді
Астана күніне орай 5-6 шілде күндері елордада қалалық перфоманс фестивалі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Фестиваль кезінде елорданың көшелері, саябақтары мен алаңдары үлкен сахнаға айналады.
Ауқымды іс-шара аясында қала көшелерімен әртістер шеруі және ашық алаңдарда көше қойылымдары өтеді.
Екі күнге созылатын бағдарламаға Астана, Алматы және Мәскеу қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады.