Елорда жаңалықтары

Астана бюджеті әлеуметтік сипатқа ие – Кендебай Адамбек

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбек өз мақаласында комиссия мүшелерінің осы жылғы қызметіне шолу жасап, жұмыс нәтижелерін бөлісті. Elordainfo.kz мақаланың толық нұсқасын жариялап отыр.

2024 жыл аяқталып келеді. Жергілікті жерлердегі сайланбалы органдар жұмыс қорытындысын шығаруда. Астана қаласы мәслихатының биылғы 11 желтоқсандағы қорытынды отырысында елорда мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өтіп бара жатқан жылы атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер берді. 

Өз кезегімізде БАҚ беттерінде мәслихат жұмысы нәтижелерінің ортақ қоржынында лайықты орын алған бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысының бір бөлігі туралы да айтқымыз келеді.

Астана қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының құрамына 7 депутат кіретіні белгілі. Олардың ішінде заң, қаржы, медицина, бизнес және әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымының өкілдері бар. Тұрақты комиссиядағы депутаттар арасында AMANAT және «АҚ ЖОЛ» ҚДП» саяси партияларының мүшелері бар. Сондай-ақ тұрақты комиссияның құрамында бір мандатты сайлау округтері бойынша 3 депутат жұмыс істейді.

2024 жылы тұрақты комиссия 50-ден астам отырыс, оның ішінде 30-дан астам көшпелі отырыс өткізді. Мемлекеттік органдарға 100-ден астам депутаттық сауал, хаттар жолданды, сондай-ақ азаматтардың 110-нан астам өтініші қаралды.

Фото: maslihat01.kz сайтынан

Тұрақты комиссияның мүшелері елорда әкімдігі жанындағы 17-ден астам түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіреді. Депутаттар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде заң жобаларын қарау жөніндегі екі жұмыс тобының құрамына қатысады. Бұрынғыдай тұрақты комиссия қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде алдағы жылдарға арналған елорда бюджетін дайындауға және бекітуге басты назар аударады.

2024 жылғы 11 желтоқсанда мәслихат Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін қарады және бекітті. Бұл бюджет Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес келеді және әлеуметтік бағдарға ие.

2025 жылға арналған бюджетте әлеуметтік блокқа 358 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде денсаулық сақтау саласына – 19,8 млрд теңге, білім беруге – 248 млрд теңге, әлеуметтік қорғауға – 46 млрд теңге, мәдениет пен спортқа – 40 млрд теңге. Мұның бәрі бүкіл бюджеттің 30%-ын құрайды.

Өткен жылмен салыстырғанда 2025 жылы жалпы алғанда шығыстарды 200 млрд теңгеге ұлғайту көзделген, яғни шығыстар бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға, жолаушылар тасымалын субсидиялауға, инфрақұрылымды дамытуға және салуға, газбен, сумен жабдықтау және басқаларға бағытталған бағдарламалар бойынша ұлғайтылды,

Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) мәслихаттың басқа да тұрақты комиссиялары сияқты тұрақты комиссияның проблемалық мәселелерді шешуге арналған шығыстарды бағыттау бойынша айтылған және енгізілген ұсыныстары тұтастай алғанда 2025 жылға арналған бюджетте қабылданды және ескерілді.

Мәселен мектептерге қосымша жапсаржай салу, типтік мектептер салу, № 1 емхананы және №2 қалалық аурухананың қабылдау бөлмесін жөндеуді, медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысын, әлеуметтік тұрғын үй құрылысын аяқтау сияқты шығындар қарастырылған.

Аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және дамытуға ақшалай қаражат көзделген. Аула аумақтарын абаттандыруға 5 233 млрд теңге және қоғамдық кеңістікті дамытуға 7 450 млрд теңге қарастырылған.

Бюджет жобасын талқылау барысында тұрақты комиссияның отырысында, сондай-ақ, жалпы алғанда, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, әлеуметтік нысандар салу бойынша кейбір жобалардың қымбаттауы, жосықсыз мердігерлер, саяжай алаптары, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері проблемаларына қатысты мәселелер талқылануы тиіс болды. Қорытындысы бойынша депутаттар Астана қаласының 6 ауданының әкімдерімен бірлесіп, олардың аумақтарында орналасқан бірқатар проблемалық нысандарды аралап, олар бойынша бірлесіп тиісті кешенді шешу жолдарын қабылдады. 

Соңғы екі жылда проблемалық мәселелерді мақсатты шешу жолында мәслихаттың атқарушы органдармен өзара іс-қимылы бойынша белсенді және оң үрдіс қалыптасқанын атап өткен жөн. 

Мәслихат депутаттары тиісті атқарушы органдар құратын белгілі бір саладағы әртүрлі жұмыс топтарына белсенді қатысады. Іс-шаралардың кешенді жоспарлары бірлесіп әзірленеді және бекітіледі, көшпелі отырыстар ұйымдастырылады.

Тұрақты комиссия отырыстарында депутаттар жыл бойы көтерген барлық мәселелер бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, оңтайлы шешім қабылдауға бағытталды.

Жыл бойы отырыстарда елорданың №1 индустриялық паркінің инженерлік инфрақұрылымын салуды аяқтау, қаланы абаттандыруды дамыту саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру, Астана қаласының туристік саласын дамыту және т. б. мәселелер қаралды.

Депутаттардың бастамасымен қазіргі уақытта Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Астана қаласының инвестициялық стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Депутаттардың талабы бойынша Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астана қаласындағы жасыл желектердің тізілімі» порталын әзірледі, онда жасыл желектердің сапалық көрсеткіштері айқындалды, әрбір ағаштың төлқұжаты жасалды. Бүгінгі таңда тізіліміге 2023-2024 жылдардағы деректерді енгізу, халыққа қолжетімділік және мобильді қосымшаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстар аяқталуға жақын.

Тұрақты комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін, оның ішінде жеке сектордың ортақ жауапкершілігін кеңейту, бюджетке жүктемені азайту құралы ретінде МЖӘ тетіктерін дамыту, қаржылық және бюджеттік тәртіпті арттыру, бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыру, есепке алу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қаржыны басқару және т. б. бойынша ұсынымдар әзірлейтінін атап өту қажет.

Айта кетейік, тұрақты комиссия мүшелері мәслихаттың халықаралық деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша жүзеге асыратын қызметіне қатысады. 2024 жылы депутаттар бірқатар Еуропа, Азия елдеріне және жақын шет елдерге барып келу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Тұрақты комиссия мүшелері мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу шеңберінде кездесулер, іс-шаралар, марапаттар ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа қатысады.

Біздің тұрақты комиссия депутаттарының елорданы мақсатты және алға қадам баса отырып дамытуға қосқан үлесі зор. Республика күніне орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Жанаргүл Жұмабайқызы Құлмағамбетова және тұрақты комиссия хатшысы Салтанат Мұқанбетпанақызы Дженалаева марапатталды. Бірқатар депутаттар ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Республикалық халық штабы Е.Қошановтың алғысхатымен марапатталды.

Депутат Бауыржан Амангелдіұлы Смайылов «Құрметті депутат» арнайы белгісімен марапатталды. «Ақжол» партиясынан еліміздегі мәслихаттар депутаттары арасында «Үздік депутат» құрметті атағына депутат Ж.Құлмағамбетова да ие болды. Тұрақты комиссия депутаттары 2025 жылы қала тұрғындарының, оның ішінде елорда шетіндегі тұрғын алаптарда өмір сүру деңгейі мен сапасын одан ары жақсарту үшін барлық күш-жігерін салады. Қорытындылай келе, Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарымызға зор денсаулық пен отбасылық бақыт тілеймін!

 Кендебай Адамбек,

Астана қаласы мәслихатының

бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік

 мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы