Astana bike: 1 қазаннан бастап «Тоқсандық» абонементін сату тоқтатылады
1 қазаннан бастап «Тоқсандық» абонементін сату келесі жылғы маусымға дейін тоқтатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті пайдаланушылар!
2025 жылғы веломаусымның соңына дейін «Айлық» абонементін бұрынғыдай velobike.kz сайтында, Kaspi.kz қосымшасында, сондай-ақ CTS Орталық кассасынан сатып алуға болады.
Теңгерім толықтыру да қожетімді», - делінген City Transportation Systems ЖШС хабарламасында.