«Астана балалары»: елордада Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар басталды
Елордада халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Астана балалары» іс-шаралары басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шаралар форумдар, кездесулер, спартакиадалар, мерекелік концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, кинотеатрларға, мұражайлар мен театрларға бару, акциялар, көрмелер, челлендждер мен байқаулардың қатысушыларын марапаттау, әлеуметтік жобалар мен ата-аналар мен балаларға арналған тренингтер түрінде өтеді.
Айта кетейік, «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен өтіп жатқан мереке аясында 11 408 іс-шара ұйымдастырылып, олар 238 621 адамды қамтыды.