Астана айналма жолының бір бөлігі уақытша жабылады
Жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 30-36 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«14 қыркүйектен 1 қазанға дейін Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 30-36 шақырымы учаскесіндегі орта жөндеу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылады», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.