Елорда жаңалықтары

Астана аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылатыны рас па

Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1-5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елді мекендерден елордаға келетін жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған. Астана қаласының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», - делінген хабарламада.