Елорда жаңалықтары

Астанаға жылу қашан беріледі

Астана қаласы әкімдігі қалаға жылу қашан берілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №249/36-V шешімімен бекітілген қаладағы жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сырттағы тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес тәулік сақталған жағдайда басталады», - деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Астанада ауа райы жылы болады.20 қыркүйек күні  ауа температурасы +19+21 градус, ал 21 қыркүйек күні +20+22 градус.