Елорда жаңалықтары

Астанаға әкелінген 10 жаңа автобус қандай бағдарларға бөлінеді

Қаладағы үлкен сыйымдылықтағы автобустар қатары тағы 10 көлікпен толықты. Елордалықтардың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру ешқашан назардан тыс қалған емес. Су жаңа автобустардың ерекшеліктері мен олардың қандай бағдарларға бөлінгенін білу үшін Elorda.info тілшісі Астанадағы №3 автобус паркіне ат басын бұрып, оның директоры Нұрбол Ысқақовты әңгімеге тартқан еді.

Бұл автобустар елордалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі десе де болады. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және қала тұрғындарының басты мәселелерін шешу үшін соңғы үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар әкелінді.

a8a70cb9-291f-41bf-a5dc-7a583886d32f.jpg

Бұл автобустарда жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін барлық жағдай жасалған, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған, көліктердің іші кең.

09caeb12-cf1a-49e5-aab4-e3fce999b624.jpg

Бір қызығы, бұл автобустар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы емес, елордадағы №3 автопарктің өз ақшасына тікелей Қытайдың «Higer» компаниясынан алынған. Автобус паркі бұл компаниямен 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатыр. 

c84f3c78-ddab-4d45-ba75-259117163de5.jpg

Оның айтуынша, аталған қытайлық компаниямен алдағы уақытта тағы да келісімшартқа отырып, автобустарды жаңарту жоспарда бар.

Сондай-ақ жаңа қоғамдық көліктердің қай маршруттарға бөлінгені белгілі болды. 

8743c966-fceb-4170-b1ee-49ba50cdaa57.jpg

Автобус паркінің басшысы жаңа қоғамдық көліктер келгендіктен, жүргізушілер де қажет екенін айтты. Қазіргі уақытта оларды жұмысқа қабылдау процессі жүріп жатыр.

Ол сондай-ақ жаңа автобустардың ерекшеліктеріне де тоқталып өтті.

20228b80-3f65-4a38-bfee-eaddb87f64ca.jpg

Оның айтуынша, халықтан №46 автобусты жаңарту, №56 бағдарларға қосымша автобустар қосу, №31 автобусты жаңарту бойынша шағымдар түскен. Міне, осы айдың соңына дейін №46 автобус жаңартылса, №31 бағдарға қатысты мәселе жыл соңына дейін шешілуі тиіс. 

№3 автобус паркі тұрғындардан түскен шағымдарға үнемі назар аударады.   

Айта кетейік, №3 автопаркте 175 автобус бар. Енді олардың саны 185 болды. 9 бағдарда қызмет көрсетеді. Күніне 100-120 мың адам тасымалдайды. 

АЯУЛЫМ АЛТЫНБЕК

33eb5186-8845-48f5-a8a5-1e78e4ec32ff.jpg

-->

Бұл автобустарды Қытайдың «Higer»  компаниясымен келісімшарт жасасып, тікелей автопарктің өз қаржымысына алдық. Біздегі проблеманың бірі – осы. Осы күндері Өнеркәсіптік даму қорына 18 метрлік жалғаспалы («гармошка») 6 автобусқа тапсырыс берген едік. Өйткені маршрутта адам көп, халықтан түскен сұраныс жоғары. Олар өтінішімізді қабылдады, алайда ақша жоқ деп, қайтарып жіберді, әзірге тоқтап тұр. Әкімнің қабылдауында болғанда да осы мәселені көтердік, - дейді №3 автобус паркінің директоры Нұрбол Ысқақов.

c84f3c78-ddab-4d45-ba75-259117163de5.jpg

Оның айтуынша, аталған қытайлық компаниямен алдағы уақытта тағы да келісімшартқа отырып, автобустарды жаңарту жоспарда бар.

Былтыр 12 метрлік 15 автобусты алып, тексердік. Олардың барлығы көңілімізден шықты, ойдағыдай. Зауыттың өкілдерін шақыртып, кемшін тұстарын көрсетіп, түсіндірдік. Жылдың аяғына дейін 11 жалғаспалы («гармошка») автобус аламыз деп ойлап едік, бірақ өтінішіміз ақша болмауына байланысты тоқтатылды.  Өнеркәсіптік даму қоры өтінішімізді мақұлдаса, жалғаспалы («гармошка») автобустар келуі керек. Ол жерде пайыздық мөлшерлеме өте тиімді, небәрі – 7 %. Бұл банк Қазақстанда өндірілген техниканы қолдайды, ал мына автобустарды Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы ала алмаймын. Өйткені Қытайдан тікелей келеді. Автобустарды жаңартуымыз керек. 3 мамырда осы зауыттың өкілдері келеді деп күтіп отырмыз. Тағы да келісімшартқа отырамыз деген үміттемін. Келісімге отырғаннан кейін кемі бес айдан кейін жаңа автобустар дайын болады, - дейді №3 автобус паркінің директоры.

Сондай-ақ жаңа қоғамдық көліктердің қай маршруттарға бөлінгені белгілі болды. 

8743c966-fceb-4170-b1ee-49ba50cdaa57.jpg

Келген автобустардың бағыттары анықталды. Жолаушылар тасымалы басқармасымен арамызда келісімшарт бар. Сол жерде 2 жылдан асқаннан кейін мен автобустардың 50 пайызын жаңартуым керек. Қазір 2 жылдан асқан келісімшартта көрсетілген бағдар – 46-маршрут. Келген 10 автобустың барлығы 46-бағдарға бөлінеді. Былтыр 56-маршрутты жаңартсақ, биыл 46-бағдарды жаңартпақпыз Жылдың аяғына дейін 31-бағытты жаңартуымыз керек. 3 мамырда келісімшартқа отырсақ, 31-маршрутты жаңартамыз. Барлық автобус кезең-кезеңімен ауыстырылады.  Соңғы рет 2015 жылы жаппай 800 автобус алып келді. Одан кейін жергілікті басқармамен бірлесіп, 2019 жылы 100 автобус әкелінді. Өзіміз 2015 жылдан бері 33 автобус алдық. Бұл - өте аз. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек жыл соңына дейін 400 автобус әкелінеді деген. Мынау 10 автобус – соның алғашқы легі. Қала күніне дейін 80-ге жуық автобус келуі тиіс, - деп атап өтті Нұрбол Ысқақов. 

Автобус паркінің басшысы жаңа қоғамдық көліктер келгендіктен, жүргізушілер де қажет екенін айтты. Қазіргі уақытта оларды жұмысқа қабылдау процессі жүріп жатыр.

Жаңадан автобустар келгеннен кейін жүргізушілер, тексерушілер жұмысқа алынады. Жыл соңына дейін тек 50 жүргізушіні жұмысқа алуымыз керек. 10 автобусқа 20 жүргізушіні жұмысқа қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. 

Электронды төлем жұмысын орнату жұмысы ғана қалды. CTS компаниясы бұл жұмыстарды жүргізіп жатыр. Олар тексереді, линияға шығарып көреді, аялдамаларды қалай хабарлайтынын, барлығын көріп, бақылайды. Бұйырса, айдың соңына дейін қалаға шығады деп отырмыз. Қазіргі таңда жаңа автобустарға мемлекеттік нөмерлер тағылып, соңғы тексерулер мен дайындық жұмыстары жүргізілуде, - дейді автобус паркінің басшысы.

Ол сондай-ақ жаңа автобустардың ерекшеліктеріне де тоқталып өтті.

20228b80-3f65-4a38-bfee-eaddb87f64ca.jpg

Еуропалық стандарттардан кем емес. Барлық стандартқа сай. Дизель отынымен жүреді. Жүріс бөлігі еуропалық стандарт бойынша талапқа сәйкес келеді. Қозғалтқышының қуаты үлкен. Төзімділігі жоғары. Орташа есеппен алғанда миллион шақырымға дейін төзімді. Сыйымдылығы 90 адам, 25 орынды. Экологиялық таза. Бұрынғы автобустардың есіктері ішке қарай ашылатын. Адамдарға мініп-түсуге ыңғайсыз, кісі көп кезде қиын болатын. Салонға жел соғады. Сондай кемшілікті болдырмас үшін мына автобустардың есігі сыртқа ашылатындай етіп жасалынды. Бейнебақылау бар, желдеткішпен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар бар. Пандусқа байланысты бізде көптеген мәселе айтылуда. Мүгедектігі бар жандар келіп, шағымдарын айтып жатады. Бұрынғы автобустарда арбаға арналған пандусты көтеретін тетікті ашу қиын болатын. Астынан сыртқа күшпен тартатын. Біздегі ауа райы белгілі, қыста қатып қалып, ашылмай қалады. Мына автобустарда басқаша. Пандусты тұтқасынан көтергенде, ол жайылады, - дейді Нұрбол Ысқақов. 