Ару Астанаға Сыр елі ән-жырдан шашу шашты
Бүгін елордада Қызылорда облысы өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан Ару Астанаға» атты гала-концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Гала-концерт Қызылорда облысының Астана қаласындағы Өнер күндері аясында ұйымдастырылды. Бүгінгі өнер кеші үш күнге созылған аталған іс-шараның жарқын қорытындысы іспеттес болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы көрерменге лық толып, Сыр елі – жыр елі атанған өлкенің ән-жырымен сусындады.
Ауқымды іс-шараға Үкімет, министрлік және қала әкімшілігі өкілдері қатысты.
Киелі өңірдің сахнасында сырнайдай сызылған саздан құлаққа сіңісті болып, көкірекке құйылған Сыр елінің тума таланттарының шығармаларындағы әндер мен белгілі ақындардың сөзіне жазылған туындыларын көрермен әп дегенде танып, ду қол шапалақтады. Оның ішінде бір кездері Роза Бағланованың орындауындағы «Іңкәрім-ай», Ибрагим Исаның сөзіне жазылған «Отандастар» және Батырхан Шөкеновтің «Сағым дүние» әндері көптің көңілін тебірентті.
Концерт Сыр елінің гимніне айналған Елена Әбдіхалықованың «Сыр елім» әнімен ашылды. Ән автордың орындауында шырқалды.
Одан әрі Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Арал ауданының тумасы, күйші, композитор Мұрат Сыдықовтың «Батыр баба» күйін орындады. Күй барысында Сыр өңірі-төрт астана болғандығын баяндайтын бейне туынды ұсынылды.
Сыр елінде жыраулық мектептің жақсы дамығаны баршаға аян. Міне, өңірдің ұлттық брендіне айналған Нұртуған, Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай сияқты жыраулар із салған төрт мектептің мақам-сазын өнерпаздар домбырамен, сырнаймен, қобызбен өрнектеді.
Сыр бойы жыраулық дәстүрдің ізбасарлары Нұртуған жыр мектебінің өкілі Шолпан Бимбетова, Жиенбай жыр мектебінің өкілдері Руслан Ахметов, Күнсұлу Түрікпен, Нұрай Ерталапқызы, Сәрсенбай жыраудың ұрпағы Майра Сәрсенбаева, Нартай ән салу мектебінің өкілі Ақмарал Ноғайбаева және қобыз сарынын жалғастырушы Марат Сүгірбай, бала жырау Нөсер Айдосұлы Астанаға жыр шашуын арнады.
Түркі тілдес елдерге ортақ Қорқыт бабамыздың қобыз сарынын бүгінгі жеткізушілер, Қорқыт мұраларын насихаттаушы қылқобызшылар Қорқыттың «Қоңыр» күйін орындаса, әнші, «Қазақстан дауысы» мега жобасының және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Құралай Мейрамбек жергілікті ақын Оңталап Нұрмахановтың сөзіне жазылған Рамазан Таймановтың «Қорқыт-қобыз» әнін шырқады.
Өнер кешінде астаналық көрермендер Өнер мерекесінде тұңғыш рет екі оркестрдің айтысын тамашалады. Кәсіби өнер иелерінің шоғырына айналған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі және жаңадан тұсауы кесілген симфония оркестрі әлем классиктері мен қазақ композиторларының шығармаларын орындады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе тарланбоз таланттарды саз тілімен үйіріп әкетіп, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.
Қазіргі таңда Сырдың дәстүрлі өнерімен қатар, классикалық музыка жанры да өз биігінен орын алып отырғанын келесі бөлім дәлелдеп берді.Классикалық бөлімде солистер 5 тілде әлемдік туындылардың шеруін жасады. Қазақтың ән өнерін әлемдік сахналарда насихаттап жүрген Мағжан Аманжолов, Мақсат Мақұлбеков, Ақылбек Табынбаев, Сымбат Тасбергенова және қызылордалық Бибігүл Жанұзақ, Ұлпан Әбдікәрімова, Алмат Изманбетов, Асхат Бөлебай әлем классиктерінің шығармаларын орындады.
Концерттік бағдарламаға түрлі жанр, заманауи коллаборациялар, этно-модерн стилінде өнер көрсетіп, ұлттық күйлерді шетел аспабында да орындап, қазақ музыкасының кеңістігін кеңейтуге күш салып жүрген талантты музыкант, баянист-аккордеонист, халықаралық байқаулардың лауреаты, Сыр елінің тумасы Ғалымжан Нарымбетов те шақырылыпты. Ол симфония оркестрінің сүйемелдеуімен француз композиторының туындысын орындады.
Ал көптің көңілін одан әрі серпілткен эстрада бөлімінде Сыр бойынан шыққан танымал эстрада жұлдыздары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдоллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Мадина Сәдуақасова елордаға арналған әндерді шырқаса, қызылордалық өнерпаздар Жалын Жүсіпов, Айсұлу Әбді, Аружан Төреғали, Ерлан Садықовтар оркестрлердің сүйемелдеуімен Елена Әбдіхалықованың «Қазақ елі» туындысын орындады.
Елордалықтар сенбінің кешін осындай көтеріңкі көңілмен тамамдады.
Жалпы, Астана қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндеріне 250-ге жуық өнерпаз қатысты.
-->Бүгін елордада Қызылорда облысы өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан Ару Астанаға» атты гала-концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.