Елорда жаңалықтары

Армия – мемлекеттің мызғымас тірегі, ел егемендігінің кепілі – Жеңіс Қасымбек

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке елімізді, оның шекарасын күзетіп, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жандардың – Қарулы Күштердің ардагерлеріне және ержүрек әскери қызметшілердің құрметіне арналған.

Армия – мемлекеттің мызғымас тірегі, ел егемендігінің кепілі. Оның негізінде жауынгерлік қайсар рух, әскери қызметшілердің патриотизмі, ата-бабаларымыздың қаһармандығының ізі жатыр.

Отан қорғаушыларымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби қызметінде табыс тілеймін! Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік пен бақыт тілеймін, - деді қала әкімі.