Елорда жаңалықтары

Қара жұдырық  жеңді

Таң қылаң бере тұрып,әлгі НЕТФЛИКС деген платформадан тікелей көру үшін бір сағатыма 6000 тенге төлеп,КАНЕЛО - КРОУФОРД жекпе-жегін көріп, сусыным қанды!

...Өзің жұдырықтаспаған соң осы - жепе-жек тағдыры әлгі  екеуінің қолында болды.  Кроуфордты салмағы жеңіл деп жете бағаламаған екенмін - ол баяғы Мұхаммед Әли айтқандай "Көбелекше қалықтап,...сона боп  шақты" да жүрді.  

   ...КРОУФОРД шын мағынасында керемет екен: екі-үш айда 10 келі салмақ қосып алса да лыпылдап,қайралған ұстарадай қол тигізбеді,өзі шегіншектеп,Канеланың көлеңкесі боп жүргенімен,керек жерде тұра қалып пергілесті.  Әсіресе оның аяғы еденге тимей билеп жүріп-ақ соққан соққыларынан Канелоның беті білеу-білеу болды.  Менің ойымша,Канело бұл 12 раундтың үшеуін ғана ұтты-ау... Бұл Кроуфордтың таза жеңісіне тең нәтиже!  Ол енді бақандай үш салмақта АБСОЛЮТТІ чемпион атанды!!!

   ...Қой,жатайын,ұйқы шала болған шал адамға жарамас...  Кроуфорд Канелоның ұзақ жыл жинаған төрт белбеуін де бас-аяғы бір сағаттық жекпе-жектен соң сыпырып алып,қатар-қатар өз беліне тағып кетті.  Канелоның да басынан бағы тайған күні болды бүгін.  Бірақ ер ол,еркек ол,Мексикадай елін,ұлтын құлай сүйіп,сол Елге асқан абырой силаған саңлақ ол!  Қай ұлттың да атын шығаратын осындай қадау-қадау Ұлдары!!!  Кроуфордты мақтауға сөз жетпейді.  Қара жұдырығым жарады!  Әлем спортындағы саңлақтардың көшін қарақошқыл ұл-қыздар бастап тұрғанын ол шаршы алаңдағы ашық күнде бұлт асқан шеберлігімен дәлелдеді!!!  Шіркін,деймін осындайда: Осы көштің басына бидай өңді ұл-қыздар қашан шығар екен?!!

   ...Түрки шейх білген екен: Канело - Кроуфорд шайқасының бүкіл әлем жанкүйерлерінің мұхитын шайқайтынын.  Бұл жекпе-жек ғаламат текетіреспен өтті.  КРОУФОРД талассыз жеңіске жетті!  Канело жеңілді.  Канеломен бірге мен де жеңілдім...  Менің де шаршаған кезім ғой.  Кешірім сұраймын жанкүйерлерімнен!