Елорда жаңалықтары

Қарағандыда 30 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізумен айланысқандарды қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 кг наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.