Елорда жаңалықтары

«Aqyl Life»: Елордада жастар арасында есірткі қылмысына және лудоманияға қарсы жоба басталды

Елорда әкімдігінің «Астана жастары» ресурстық орталығы және қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастыруымен «Aqyl Life»  жобасы аясында алғашқы кездесу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған жоба студенттердің интеллектің дамытуға, мәдени алмасуға және жастарды шабыттандыруға арналған алаң құруға бағытталған.

Белгілі қоғам қайраткерлерімен, блогерлермен және танымал тұлғалармен кітап кездесулері өтеді. Бұл іс-шаралар студенттерге шабыт беретін оқиғалармен танысуға және табысты әрі саналы өмір салтын ұстанған адамдардан құнды кеңестер алуға мүмкіндік береді.  

Бүгінгі кездесуге әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров пен күш сынасу экстримі бойынша әлемдік рекордсмен Сергей Цырульников қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып берді.

«Бизнесте даму үшін жылына 50 кітап оқу керек. Соның арқасында адам өз саласында да жеке өмірде де әрдайым ақпараттық даму процесінде жүреді»,- деді  Эмин Әскеров.

«Кез келген хоббиді монетизациялау арқасында бизнес бастауға болады»,- деді Сергей Цырульников.

«Келген спикерлердің өмір жолы, таңдауы және ізденімпаздығы бізге дұрыс жолдың қандай болатынын көрсетті. Тек кітап жайлы емес, кәсіпте жетістікке қалай жету керектігі туралы айтып, оқушыларға шабыт сыйлады» - деп оқушылар өз пікірімен бөлісті.  

Есірткі қылмысына және лудоманияға қарсы бағытталған жоба аясында кітап кездесулері, пікірсайыс турнирлері және интеллектуалдық ойындар өткізу жоспарға алынып отыр. Бұл іс-шаралар жастардың аналитикалық ойлауын, шешендік қабілетін және командалық рухын дамытуға ықпал етеді.  

«Жобаның басты мақсаты – жастарға зиянды әдеттерден алыс болудың және зияткерлік тұрғыдан дамудың маңыздылығын көрсету», - деді жоба ұйымдастырушылары. 

Ақбота Мұхтар