Антикордың көмегімен елордалық кәсіпкердің қаражаты қайтарылды
Астанада кәсіпкер Антикордың көмегімен қаражатын қайтарып алды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша жеткізілген тауар үшін төлемнің кешіктірілуіне байланысты кәсіпкер өзінің заңды құқықтарын іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуге мәжбүр болды.
Тапсырыс беруші «Астана қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК атынан және кәсіпкер медициналық қалдықтарға арналған пакетті жеткізуге шарт жасасқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде кәсіпкердің құқықтары қорғалды және жеткізуші жеткізілген тауар үшін толық көлемде төлем алды.
-->Мемлекеттік сатып алулар бойынша жеткізілген тауар үшін төлемнің кешіктірілуіне байланысты кәсіпкер өзінің заңды құқықтарын іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуге мәжбүр болды.
Тапсырыс беруші «Астана қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК атынан және кәсіпкер медициналық қалдықтарға арналған пакетті жеткізуге шарт жасасқан.
Өнім беруші шарттың барлық талаптарын тауарды жеткізу бөлігінде орындады. Шартқа сәйкес жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші тауарды қабылдау-беру актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді. Алайда Тапсырыс беруші тарапынан 100 күнтізбелік күннен артық уақытылы төлеу бойынша міндеттемелер орындалмады, - делінген Антикор ақпаратында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде кәсіпкердің құқықтары қорғалды және жеткізуші жеткізілген тауар үшін толық көлемде төлем алды.