Елорда жаңалықтары

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында партияға қабылдау салтанатты шарасы өткізілді. Жаңа мүшелерді қабылдау жиынына өңірлік партия филиалы төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов қатысты. Ол саяси ұйымның міндеттері мен сайлауалды бағдарламаның рөліне тоқталды.

Партия қатарына білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, жеке кәсіпкер, үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді жастардан азамат қосылып отыр.

«AMANAT» партиясы – 24 жылдық тарих пен ресурсқа ие. Партияның филиалдары бүгінге дейін нәтижелі жұмыстарды көрсетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия проблемаларды ашып көрсететін, сайлаушылардың мүддесін қорғайтын қозғаушы күш болу керектігін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Астана қаласында 263 бастауыш партия ұйымдарынан құралған 35 мыңнан астам партия мүшесі бар.

-->

Жақында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында партия жеңіске жетіп, әлеуетіміз күшейе түсуде. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде партия мүшелері ел-елді аралап, кездесулер өткізген болатын. Алдағы уақытта, осы сайлауалды бағдарламада уәде етілген міндеттерді ел игілігі жолында бізге жүзеге асыруымыз керек. Партияны трансформациялауға қатысты жобаларды іске асыруға сіздерді де атсалысады деп сенемін. Тәуекел еткен ел мүддесі жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! – деді С.Сәдуақасов.