Елорда жаңалықтары

Ғалым: Қазақстан - көк туын желбіретіп, тамаша реформалар өткізіп отырған ел

Қазақ Білім академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі, ғалым Аяған Бүркітбай қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Тәуелсіздікті қазақ халқы жылдар бойы армандаған, мақсат еткен. Барлық қазақстандықтарды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Себебі мың өліп, мық тірілген қазақтың арманы дәл қазір іске асып отыр. Талай қиыншылықтан өткен қазақ егеменді ел болды. Әлемде бүгінде 2 мыңнан астам халық болса, соның тек 200 -нің ғана өзінің дербес мемлекеті бар екен. Сол 200 мемлекеттің арасында көк туын желбіреткен, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, тамаша реформалар өткізіп отырған ел - қазақ елі», - деді ғалым.