Алматыдан Токиоға тікелей рейс ашылады
Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Қазақстаннан Жапонияға тікелей рейстер ашылатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Air Astana және Japan Airlines 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты.
«Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді», - делінген комитет хабарламасында.
Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды. Ведомство өкілдері маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланатынын мәлімдеді.